Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 16 жасар қазақстандық зілтемірші әлемдік рекорд орнатты

16 жасар қазақстандық зілтемірші әлемдік рекорд орнатты

Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық Рахат Бекболат әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды stan.kz

Рахат Бекболат Қазақстан құрамасынан аталған сайысқа шыққан соңғы қатысушы болды. Қызылордалық ауыр атлет қоссайыс жиынтығында 356 кг (158+198) көтерді. Бұл екінші орын алған Иран спортшысы Аболфази Хакур еңсерген салмақтан 14 килограммға артық - 342 келі (154+188). Ал үшінші орынды жарыс қожайыны Әзимджон Ходжиев иеленді, ол екі жаттығудың қорытындысы бойынша 333 келіні (154+188) бағындырды.
Осылайша, "серпе көтеру" жаттығуында жасөспірімдер арасында әлемдік рекорд орнатқан Рахат Бекболат 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен 20 жасқа дейінгі жастар арасында чемпион атанды. 
Ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына  20 елден 14 әйелдер және 18 ерлер командасы қатысты.
Қазақстанның намысын 10 спортшы қорғады. Олардың барлығы жүлделі орындарға ие болды. Команда қоржынында 9 алтын, 2 күміс және 3 қола бар.

19 ақпан 2020 ж. 875 0