Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Токио-2020: Жалпыкомандалық есепте Қазақстан 83-орынға жайғасты

Токио-2020: Жалпыкомандалық есепте Қазақстан 83-орынға жайғасты

Қазақстан құрамасының спортшылары Олимпиада ойындарындағы жарыстарын аяқтады.

Бұл туралы sports.kz хабарлады.
Жалпыкомандалық есепте біздің құрама 83-орынға жайғасты. Жалпы Токиодағы Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан 97 спортшы қатысты.
Токио төрінде қазақстандық спортшылар сегіз қола жүлде еншіледі. Олар:
- Елдос Сметов (дзюдо)
- Игорь Сон (ауыр атлетика)
- Зүлфия Чиншанло (ауыр атлетика)
- Нұрислам Санаев (еркін күрес)
- Дархан Асаділов (каратэ)
- Софья Берульцева (каратэ)
- Сәкен Бибосынов (бокс)
- Қамшыбек Қоңқабаев (бокс)
Бұл Олимпиада ойындары Қазақстан тарихындағы ең сәтсізі болды. Себебі ел қоржынында не алтын, не күміс жүлде жоқ.
Айта кетейік, енді Қазақстан құрамасы 83-орыннан жоғары көтерілмейді. Бізден жоғары Түрікменстан (77-орын, бір күміс) орналасқан. 

baq.kz
08 тамыз 2021 ж. 861 0