Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Токио-2020: Қазақстан құрамасында қос қола

Токио-2020: Қазақстан құрамасында қос қола

Қазақстан құрамасында қос қола
Қазақстан құрамасы үшін Токио олимпиадасы табысты басталды. 60 келі салмақта сынға түскен Елдос Сметов қола үшін жекпе-жекте Нидерланд өкілі Торние Цакаджоені жеңді. Жеңімпаз қосымша уақытта анықталып, Елдос «ваззари» ұпайын иеленді. Осылайша, қазақстандық дзюдошы Токио Олимпиадасының қола медалін иеленді. Еске сала кетсек, Елдос Сметов жартылай финалдық айқаста жапондық Наохисе Такатоға жол берді.
Айта кеткен жөн, Елдос 2016 жылғы Олимпиадада дәл осы салмақта күміс жүлдеге ие болған еді. Сонымен қатар Әлем чемпионы (2015), Азия ойындары мен чемпионатының жеңімпазы. Ал Наохиса Такато Бразилияда өткен төрт жылдықтың басты бәсекесінде қоланы қанағат тұтқан болатын.
Қазақстан қоржыны кезекті медальмен толықты. Зілтемірші Игорь Сон қола жүлдегер атанды. 61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен зілтемірші екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 294 ұпай жинады (131+163) . Алтын медаль Қытай, күміс жүлде Индонезия спортшыларына бұйырды.


"Толқын" ақпарат 
26 шілде 2021 ж. 406 0