Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елдос Жұмақанов Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды

Елдос Жұмақанов Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды

Дзюдодан Будапештте өтіп жатқан Гран-при турнирінде Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті. 66 келіде белдескен Елдос Жұмақанов күміс жүлдегер атанды

Елдос ақтық сында моңғолиялық Ганболт Херленмен күш сынасқан болатын. Тартысты жекпе-жектің негізгі уақыты тең аяқталып, белдесу "алтын ұпайға" дейін созылды. 
Қосымша уақытта Елдос қарсыласына "иппон" ұпайымен жол берді. 
Еске сала кетейік, Елдос Сметов 60 келі салмақта Гран-при турнирінің алтын жүлдесін иеленді.
https://baq.kz
13 шілде 2019 ж. 798 0