Жастар арасындағы Азия чемпионатында елдің 17 боксшысы финалға шықты
Қазақстан боксшылары жасөспірімдер және жастар арасындағы Азия чемпионатындағы өнер жалғастырып жатыр, деп жазады Sports.kz.
2004-2005 жылдары туған боксшылар арасындағы жарыста финалға шыққандар анықталды. Қазақстаннан барған 13 боксшының 10 шешуші сынға жолдама алды.
Финалға шыққандар:
48 кг дейін: Санжар Тәшкенбай – Суреш Вишванат (Үндістан) 
54 кг дейін: Нұрсұлтан Алтынбек – Алиш Афшари (Иран) 
57 кг дейін: Әбдіғали Әбдікәрім – Мохаммед Анвар (Ирак) 
60 кг дейін: Ерасыл Ермек – Ливаса Омар (Қырғызстан) 
63,5 кг дейін: Ернұр Сүйінбай – Вансаж (Үндістан) 
67 кг дейін: Абзал Серік – Самандар Солижонов (Өзбекстан) 
75 кг дейін: Бақберген Әлиасқаров – Фардин Халифенлу (Иран) 
86 кг дейін: Темірлан Мұқатаев – Диорбек Уралов (Өзбекстан) 
92 кг дейін: Мәди Әміров – Нусратбек Тохиров (Өзбекстан) 
+ 92 кг: Даниял Сапарбаев – Жахонгир Жакипов (Өзбекстан) 
Қола жүлде иегерлері:
71 кг дейін: Арман Арманұлы 
80 кг дейін: Дәурен Мамыр 
Қазақстанның бойжеткендері де жоғары нәтижесімен көзге түсті. 
Финалға шыққандар: 
54 кг дейін: Айшагүл Елеубаева – Неха (Үндістан) 
60 кг дейін: Жұлдыз Шаяхметова – Дахия Претти (Үндістан) 
63 кг дейін: Милана Аюпова – Хиши (Үндістан) 
70 кг дейін: Гаухар Шайбекова – Азиза Зокирова (Өзбекстан) 
75 кг дейін: Дана Дидай – Хиши (Үндістан) 
81 кг дейін: Аида Сарибарова – Депика (Үндістан) 
+ 81 кг: Диана Магауяева – Мариам Алмесмари (БАӘ) 
Қола жүлде иегерлері:
48 кг дейін: Гүлназ Брибаева 
50 кг дейін: Гүлнар Турапбай 
52 кг дейін: Хава Болкоева 
57 кг дейін: Шахназ Исаева 
66 кг дейін: Анар Тұрынбек 
Осылайша, Азия чемпионатында Қазақстанның 17 бірдей боксшысы алтын жүлде үшін таласады. Финалдық кездесулер 30 тамызға жоспарланған.
baq.kz






		
		



