Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровке ескерткіш орнатылды

Бұл туралы дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлімдеді.
Ескерткіштің ашылу рәсіміне Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов, бокстан Олимпиада ойындарының жеңімпазы Данияр Елеусінов арнайы қатысты.
2019 жылы ашылған жекпе-жек сарайына былтырғы жылдың желтоқсан айында Жақсылық ағамыздың есімі берілген болатын. Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров-грек-рим күресінің палуаны, Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1980). Әлем чемпионы. "Құрмет белгісі" орденінің иегері.