Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 4 қазақстандық каратэден премьер-лиганың финалына шықты

4 қазақстандық каратэден премьер-лиганың финалына шықты

Ресей астанасында каратэден Премьер-лига турнирі жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін финалдық бәсекелер өтеді. Қазақстан сапынан төрт спортшы алтын жүлдеге таласады.
Атап айтар болса, қыздар арасында Мөлдір Жаңбырбай (50 келі), Сабина Захарова (55 келі) және Софья Берульцева (68 келі) ақтық сында айқасады.
Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта Қайсар Алпысбай финалдық жекпе-жекте күш сынайды.
03 қазан 2021 ж. 1 069 0