Головкин 2022 жылға арналған қарсыласын таңдады: Кездесу өтуі мүмкін мерзім аталды
Промоутер Бен Шалом қарамағындағы екі салмақ дәрежесінде чемпион болған Крис Юбенк-кішінің орта салмақта IBF және IBO белбеуінің иегері Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуге ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Британиялық спортшы желтоқсанда отандасы Лиам Уильямспен кездесу өткізбекші. Шаломның айтуынша, Крис үшін бұл жекпе-жек Головкинмен чемпиондық атаққа таласу үшін таптырмас баспалдақ болады.
"Жеңісті сыйға алды": Спорт журналисі Канелоның жеңісін "әділетсіз" деп бағалады
Головкин дайындық лагеріндегі суреттерімен бөлісті
"Келіссөздер басталып кетті. Біз Головкиннің командасымен қарым-қатынас орнаттық, келіссөз барысы жүріп жатыр. Олар Юбэнк-кішімен жекпе-жек өткізгісі келеді және кездесу уақыты ретінде 2022 жылдың мамыр айы таңдалып отыр. Сонымен қатар Кристің Билли Джо Сондерс және Деметриус Андрадемен өтетін үлкен жекпе-жектері бар. Ол Билли Джомен есепті теңестіруді жоспарлап отыр. Крис бұл кезде өзінің жас болғанын және жаттықтырушысыз жұмыс істегенін мойындайды. Қазір бұл мүлде жаңа тарих болмақ. Дегенмен Головкинмен кездесу өткізу Крис үшін үлкен мәнге ие. Осы себепті Юбэнк-кішінің жаттықтырушысы Рой Джонс болды. Ол мықтылармен жаттығып, рингте үздіктермен жұдырықтасқысы келеді", - деді Шалом өз сұхбатында.