Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Геннадий Головкин әлем чемпионымен жекпе-жек өткізбек

Геннадий Головкин әлем чемпионымен жекпе-жек өткізбек

Қазақстандық боксшы, орта салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жыл соңына қарай осы санаттағы WBA титулын иеленген жапондық Риото Муратаға (16-2, 13 КО) қарсы жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Дереккөздерге сүйенсек, Головкин мен Мурата өкілдері Жапонияда бірлескен жекпе-жекті өткізу мәселесін талқылады. Келіссөздер желтоқсан, Жаңа жыл қарсаңында және Жапония үшін үлкен бокс күніне қатысты болды", - деді DAZN тілшісі Крис Мэнникс.
Аталған ақпаратты Головкиннің промоутері Эдди Хирн растады.
Ол Геннадий Муратамен 31 желтоқсанда жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын атап өтті.
Сондай-ақ Хирн бұл жекпе-жектің алдында Головкин орта салмақтағы америкалық Деметриус Андрадемен(30-0, 18 КО) кездесу өткізеді деген сенімін білдірді.

19 сәуір 2021 ж. 518 0