Толқын Арал аудандық қоғамдық-саяси газет
» » DAZN промоутері Головкиннің келесі жекпе-жегінің уақыты мен орнын атады

DAZN промоутері Головкиннің келесі жекпе-жегінің уақыты мен орнын атады

Британиялық промоутер Эдди Хирн қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (39-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегін күзде өткізуі мүмкін екенін айтты. Оның бұл сөзін talkSPORT редакторы Майкл Бенсон келтірді, 2018 жылы наурызда Хирн DAZN стриминг сервисімен сегізжылдық келісімшарт жасасқан, ал биыл бұл сервиске Головкин де қосылған.  "Хирннің мәліметі бойынша, Головкин рингке 5 қазанда Лос-Анджелесте оралуы мүмкін", - деп жазды Бенсон.  Естеріңізге салсақ, Головкин соңғы жекпе-жегін 8 маусымда Нью-Йоркте канадалық Стив Роллсқа қарсы өткізіп, нокаутпен жеңіске жеткен. Бұл қазақстандық боксшының DAZN-мен келісімшарты аясындағы алты жекпе-жектің алғашқысы және жаңа бапкер Джонатан Бэнкстің қол астындағы дебюті болған еді.  Сол кездесуден кейін Головкин мексикалық Сауль Альваресті жекпе-жекке шақырған. Алайда WBC (Franchise), WBA (Super) және IBF чемпионы қазақстандықпен биыл кездескісі келмейтінін білдірген.  Айта кетейік, Головкин өз карьерасында Лос-Анджелесте жұдырықтасып көрген жоқ, бірақ оның маңындағы қалашықтар - Карсон мен Инглвудте төрт жекпе-жек өткізген.
01 тамыз 2019 ж. 181 0