"Халық чемпионы оралды". Twitter Головкиннің парақшасын бұғаттан шығарды

Айта кетейік, Головкиннің Twitter желісіндегі парақшасы 13 маусымда бұғатталып қалған еді. Оның себебі ретінде ереже бұзылғаны айтылған. Бұған дейін суперауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Тайсон Фьюридің де Twitter-аккаунты бұғатталған болатын. Оның парақшасына хакерлер шабуыл жасаған. Кейін боксшының аккаунты бұғаттан шықты. Головкиннің парақшасын да хакерлер бұзып кіруі мүмкін. Айта кетейік, қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін 9 маусымда Нью-Йоркте (АҚШ) канадалық Стив Роллсқа қарсы өткізген еді. Головкин төртінші раундта нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Бұл - GGG-дің DAZN стриминг сервисімен келісімшарт аясындағы алғашқы жекпе-жегі.