Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкин-Альварес арасындағы үшінші жекпе-жектің уақыты белгілі болды

Головкин-Альварес арасындағы үшінші жекпе-жектің уақыты белгілі болды

 baq.kz Matchroom Boxing промоутері және DAZN стриминг платформасының басшысы Эдди Хирн Геннадий Головкин мен Сауль Альварес үшінші жекпе-жекті 2020 жылы өткізетініне сенімді, деп хабарлады Sports.kz.

Эдди Хирннің айтуынша, трилогия 2020 жылы қыркүйекте өтуі тиіс. 
Ал оған дейін 2020 жылдың наурыз айында Головкин IBF чемпионы атағын қорғау үшін польшалық Камил Шереметаға қарсы жекпе-жек өткізеді. Одан кейін, яғни мамыр айында рингке "Канело" шығады. Мексика былғары қолбақ шеберінің қарсыласы супер орта салмақтағы екі әлем чемпионының бірі болады деп күтілуде – ол не Каллум Смит, не Билли Джо Сондерс, - делінген хабарламада.
30 желтоқсан 2019 ж. 1 098 0