Толқын Арал аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Әлем чемпионатындағы үздік боксшы анықталды

Әлем чемпионатындағы үздік боксшы анықталды

Халықаралық бокс ассоциациясы (АІВА) Белградта өткен бокстан ХХІ әлем чемпионатының үздік боксшысын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz.


Вэл Баркер кубогы дәстүрлі түрде Олимпиада ойындарының техникасы ең мықты боксшысына табысталып келген. Алайда бұл жолы әлем чемпионатының нәтижесі бойынша берілді. 63,5 келіге дейінгі салмақта жеңімпаз болған куболық спортшы Энди Крус Гомес үздік деп табылып, кубокқа  ие болды. 
Крус 2020 Олимпиада ойындарында да жеңімпаз болған. Бұл оның әлем чемпионатында алған үшінші алтын медалі. 
08 қараша 2021 ж. 1 224 0