«Қайсар» футбол орталығында 500-ге жуық бала тәрбиеленуде
Бүгінде «Қайсар» футбол орталығында 500-ге жуық балғын футболшылар аладоптың қыр сырын меңгеруде. «Қайсарды» оң бағытта дамыту үшін балалар футболына мән берілуі тиіс. Бүгін клуб директоры Жағыппар Жұмахметов футбол орталығының бапкерлерімен кездесіп, балалар футболының көкжиегін кеңейтуде жаңа жоспарларды нақтылауды ұсынды.
«Балғын футболшылар ел футболы оның ішінде «Қайсардың» болашағы. Сондықтан футбол орталығындағы әрбір қатысушыға баса назар аударуымыз керек. Орталықты дамыту үшін жаңа жоспарларды бекітуіміз тиіс. Жалпы балалар жалғыз жаттығумен шектелмеуі керек. Алдыға ұмтылу үшін түрлі шеберлік сабақтарын жоспарлаймыз. Жаңа маусымда орталықтағы балаларды жаңа спорттық киімдермен қамтамасыз етуге жұмыс істейміз. Көктем айындағы «Арман» және «Жастар» республикалық турниріне дайындықтық жұмыстарын әзірден қолға алуымыз керек», – деді клуб директоры Жағыппар Насрадинұлы.
Айта кетейік, «Қайсар» футбол орталығында УЕФА-ның талаптарына сәйкес А,В,С категориялы 25 бапкер жұмыс істейді. Сондай-ақ қыздар футболы да қарқын алып, бүгінде 2 команда ел чемпионатында бақ сынауда.
kyzylorda-news.kz