Толқын Арал аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Головкиннің 2022 жылғы қарсыластарының есімдері аталды

Головкиннің 2022 жылғы қарсыластарының есімдері аталды

The Ring журналисі және The Neutral Corner подкастының авторы Майкл Монтеро орта салмақтағы IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкиннің осы жылы рингте кіммен айқасатынына болжам жасады, деп хабарлады  Spоrts.kz.

Монтеро ESPN Ringside-тың Туиттердегі жазбасына пікір білдірді. Онда қазақстандық Джермалл Чарло (WBC), Деметриус Андраде (WBO) және Риота Мурата (WBA Super), сондай-ақ Хайме Мунгия және кіші Крис Юбэнк сияқты әлемдегі орта салмақтағы үздік боксшылармен бір деңгейде көрсетілген.
GGG жыл соңына дейін төменгі қатардағы үш боксшының екеуімен (Мурата және Мунгия) кездесетін шығар, - деп жазды Майкл.
Еске салайық, Геннадий Головкиннің Риота Муратамен айқасы 2021 жылдың 29 желтоқсанында Сайтамда өтуі керек еді, бірақ Жапонияда коронавирус шектеулерінің күшейтілуіне байланысты 2022 жылдың көктеміне ауыстырылды. 
Жекпе-жектің нақты күні әзірге белгісіз. 

baq.kz
05 қаңтар 2022 ж. 1 185 0