Қыркүйекте Головкинмен жекпе-жекке шығатын үміткерлердің есімі аталды
DAZN стриминг сервисі Геннадий Головкинге қыркүйекте жекпе-жекке шығатын үш адамды қарастырып жатыр, Басылым хабарлаған ақпарат бойынша, GGG-мен жекпе-жекке үміткерлер - украиналық Сергей Деревянченко, мексикалық Хайме Мунгия және жапониялық Риота Мурата. Айтпақшы, Головкиннің қарсыластарының ішіндегі басты үміткер - Деревянченко. Онымен қазақстандық кезінде жекпе-жекке шығудан бас тартып, IBF белбеуінен айырылып қалған. Ал енді Халықаралық бокс федерациясының бұл титулы жекпе-жектің ұтысы болады. "Украиналық спортшы IBF белбеуіне үміткердің ең алғашқысы, сондықтан, ұйым Деревянченко және орта салмақтағы чемпион Сауль "Канело" Альварес арасында жекпе-жек өткізуге рұқсат берді. Мексикалық боксшы бас тартса, IBF одан белбеуін тартып алуға мәжбүр болады, бірақ әлі ешқандай келіссөздер жүрген жоқ. Осылайша үміткерлер тізімінде Деревянченкодан кейін тұрған Головкин жекпе-жекке шығуы мүмкін", - деп жазған басылым тілшілері. Еске салсақ, Головкин Danz-мен жасаған келісім-шарты бойынша жыл соңына дейін тағы бір жекпе-жек өткізуі тиіс.