Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бейжің-2022: Қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі

Бейжің-2022: Қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі

Олимпияда ойындарында қазақстандық спортшылардың бүгінгі жарыстарын 2 телеарна тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нақтырақ айта кетсек, жанкүйерлер бүгінгі жарыстарды «Ел Арна» және «Qazsport» телеарналарынан көре алады.
Қазақстандық телеарналардың тікелей эфир уақыты:
XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының 16 ақпанға арналған кестесі:
«Ел Арна» телеарнасы:
08:15 Тау шаңғысы. Слалом. Ерлер. Іріктеу - Александр Мумхин, Захар Кучин;
«Ел Арна» телеарнасы:
14:50 Шаңғы жарысы. Спринт. Ерлер. Әйелдер - Евгений Величко, Виталий Пухкало, Надежда Степашкина, Ангелина Шурыга, Ксения Шалыгина, Валерия Тюленева, Ирина Быкова;
«Qazsport» арнасы:
17:25 Шорт-трек. Әйелдер. 1500 м – Ольга Тихонова.
Айта кетейік, аталған Ақ Олимпиада ойындарында еліміздің намысын 8 спорт түрінен 34 спортшы қорғап жатыр. Бейжің Олимпиадасы 20 ақпанда мәресіне жетеді.
16 ақпан 2022 ж. 844 0