Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

Қазақстандықтар 9 ақпан күні Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында спорттың 3 түрінен сынға түседі, деп хабарлайды olympic.kz.

Атап айтқанда, 9 ақпанда қазақстандық спортшылар тау шаңғысы, шаңғы қоссайысы және шорт-тректен сынға түседі.
9 ақпандағы жарыс кестесі
Тау шаңғысы
8:15 Слалом. Әйелдер. Бірінші мүмкіндік
11:45 Слалом. Әйелдер. Бірінші мүмкіндік
Шаңғы қоссайысы
14:00 Орташа трамплин. Ерлер
17:00 Гундерсен жүйесі бойынша 10 шақырымдық із кесу жарысы. Ерлер
Шорт-трек
17:00 1500 м. Ширек финал. Ерлер
17:44 1000 м. Әйелдер. Алғашқы кезең
18:29 1500 м. Жартылай финал. Ерлер
19:20 1500 м. Финал. Ерлер
Айта кетейік, Бейжің қаласындағы 2022 жылғы қысқы Олимпиадада спорттың жеті түрінен 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Ақ Олимпиадада еліміздің атынан 34 спортшы 85 жолдама бойынша сынға түсіп жатыр.

baq.kz
09 ақпан 2022 ж. 432 0