Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Геннадий Головкин «Канеломен» 3-інші жекпе-жегін ресми жариялады

Геннадий Головкин «Канеломен» 3-інші жекпе-жегін ресми жариялады

Орта салмақ санатындағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин екінші орта салмақтағы әлемнің абсолюттік чемпионы Сауль Альвареске қарсы жекпе-жегін ресми түрде жариялады.
Ресми. 17 қыркүйекте кездескенше, – деп жазды Геннадий Головкин Instagram-парақшасында.

Еске салайық, 2017 жылдың қыркүйегінде Головкин мен «Канело» кездесуі тең аяқталды.

Бір жылдан кейін, яғни 2018 жылдың қыркүйегінде Сауль Альварес төрешілер шешімімен Қазақстан спортшысын жеңді.

Бірер күн бұрын мексикалық боксшы да Геннадиймен үшінші айқас өткізетінін ресми мәлімдеген еді.

Жақын күндері біз жекпе-жек туралы хабарлайтын боламыз. Әрине, Головкинге қарсы жекпе-жек келісілгендей, қыркүйек айында өтеді. Сонымен қатар сәл кейін Биволмен де реванш өткіземін, – деген болатын «Канело» баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, мамыр айының басында Сауль Альварес ресейлік Дмитрий Биволдан жеңіліп қалды.

Ал Геннадий бұған дейінгі айқасын биылғы сәуірде жапониялық Риота Муратаға қарсы өткізіп, 9-раундта қарсыласын нокаутқа жіберді.

Қазақстандық боксшы биыл 40 жасқа толды. Оны туған күнімен ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтаған болатын.

baq.kz
25 мамыр 2022 ж. 1 747 0