Головкин Канеломен жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

Трилогия 17 қыркүйек Лас-Вегаста өтеді. Бұған дейін боксшылар 2017 және 2018 жылдары кездескен еді. Бірінші жекпе-жекте олар тең түсті, ал екіншісінде Альварес жеңіске жетті.
«Жаттығу лагерінің жартысы өтті. Әрі қарай жұмысты жалғастырамыз», деп жазды боксшы Instagram желісінде.