Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Балуан қыздар Испаниядағы турнирде 10 медаль жеңіп алды

Балуан қыздар Испаниядағы турнирде 10 медаль жеңіп алды

«Jovenes Promesas» халықаралық турнирінде қазақстандық балуан қыздар 10 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Қуаныш Жақсыбай баптайтын балуан қыздар 8 алтын, 2 күміс медальға қол жеткізді.

Атап айтқанда, 50 келідегі Эллада Махяддинова, Аяжан Марқашева (53кг), Айнұр Әшімова (55 кг), Нилуфар Раимова (57 кг), Гүлдана Бекеш (59 кг), Тыныс Дубек (62 кг), Альбина Қайыргелдинова (65 кг) және Анастасия Панасович (72 кг) алтыннан алқа тақты.

Ирина Кузнецова (62 кг) мен Іңкәр Жанатаева (76 кг) күміспен күптелді.

Командалық есепте Қазақстан құрамасы 2-ші орынға көтерілді.
23 сәуір 2023 ж. 419 0