Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық жас спортшылар Еуропа кубогы жарысында үш медаль жеңіп алды

Қазақстандық жас спортшылар Еуропа кубогы жарысында үш медаль жеңіп алды

Венгрияның Пакс қаласында дзюдодан жастар арасындағы Еуропа кубогы аяқталды. Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан үш медаль жеңіп алды,  48 келіде белдесетін балуан қыздар өз шеберліктерін тағы бір дәлелдеді. Бұл салмақтағы финалда екі қазақ қызы белдесті. Ғалия Тыныбаева мен Ақмарал Науатбек арасындағы белдесу "алтын ұпайға" дейін жалғасып, Тыныбаева жеңіске жетті. Ал қола медальді 66 келідегі Нұрзат Сәлімбаев иеленген. Осылайша, Пакстағы турнирден Қазақстан 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медальмен оралмақ.
https://kaz.tengrinews.kz
24 маусым 2019 ж. 1 301 0