Екі қазақстандық балуан әлем чемпионатында жүлдегер атанды
Түркияның Ыстамбұл қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық балуандар еркін күрестен екі қола медаль алды, деп хабарлады turkystan.kz.
Әлем чемпионатында Нұрдәулет Сейілбеков (71 келі) пен Самир Дурсунов (92 келі) үздік үштіктен көрінді.
Қола жүлде үшін болған белдесуде екеуі де үнді балуандарынан басым түсті.
Айта кетейік, бұдан бұрын еркін күрестен Едіге Қасымбек (110 келі) күміс медаль еншіледі.
Бұл жолғы әлем чемпионатын еркін күрестен 1 күміс және 2 қола жүлдемен қорытындылады. Грек-рим және әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы жүлдеге іліге алмады.
Спорт барлығына жетеді!
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында.