Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ХІХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан туын кім ұстап шығады

ХІХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан туын кім ұстап шығады

ХІХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан туын ұстап шығатын спортшылар белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ханчжоуда өтетін 2023 жылғы Азия ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан туын бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлетикадан ұлттық құрама үздігі Надежда Дубовицкая ұстап шығады.

Асланбек Шымбергенов бокстан әлем және Азия чемпионы, Джакартадағы жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері болса, Надежда Дубовицкая жабық кешендегі әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатының жеңімпазы, құрлық рекордының иесі.

Айта кетейік, 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтетін ХІХ жазғы Азия ойындарын «Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
17 тамыз 2023 ж. 387 0