QJ лигасының орталық кездесуі өтті

Орталық кездесуде облыс әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов QJ (Қазақстан жасөспірімдер) лиганың ел футболының даму жолында үлесі басым екенін айтты. Сондай-ақ лиганың ұйымдастырушыларына аймақ басшысының алғысын жеткізіп, «Ақсу» және «Қайсар» командаларына сәттілік тіледі.
Футбол мерекесі аясында жанкүйерлерге ұлттық ойындар, Live band, дәмді палау үлестірілді. Сонымен қатар эстрада жұлдызы Ильхан Ихсанов пен Маченский ән шырқап, қызылордалықтарға керемет көңіл күй сыйлады. Матч соңында жанкүйерлер лоторея ойынына қатысып, Дубайға жолдама, айфон 14 ұялы телефонын, Ps5, Airpods, Apple Wath, Қазақстан құрамасының жейдесін ұтып алды.
Айта кетейік, QJ (Қазақстан жасөспірімдер) лигасында еліміздің ең таңдаулы 12 командасы бақ сынайды.

