Мөлдір Жаңбырбай – Әлем чемпионы

Мөлдір өзінің Алжир, Жапония, Словакия, Венесуэла елдерінен келген қарсыластарын ойсырата жеңіп, ақтық ойында Италия спортшысын басып озып, алтын жүлде иеленді.
Өздеріңізге белгілі, Мөлдір Жаңбырбай жуырда ғана Қытайда өткен байрақты бәсеке – Жазғы Азия ойындарынан күміс жүлде иеленген болатын. Енді міне, әлем алдында өзінің қайсарлығы мен жеңіске деген ынтасының арқасында еліміздің көк туын желбіретіп, әнұранын шырқатты.
Мөлдір бұрын-соңды елімізде болмаған тарихи жеңіске қол жеткізді. Бұл біз үшін үлкен жетістік. Өзінің нәзік болмысымен барша қарсыласына қарсы тұрып, намысты қолдан бермей, ел абыройын асқақтатты. Қазақ қыздарының мықтылығын дәлелдеді.
syrboyi.kz