Мемлекеттік қызметшілер бақ сынады

Жарыс нәтижесі бойынша үздік үштікке бас болып, жүлделі І-орынды Қызылорда қаласынан келген команда иеленсе, жүлделі ІІ-орынды Жалағаш ауданы еншілеп, үздік үштікті Шиелі ауданы түйіндеді.
Сондай-ақ, Арал, Қармақшы, Сырдария, Қазалы және Жаңақорған аудандарына ынталандыру сыйлықтары үлестірілді.
Қазалы ауданынан О.Ахметовке «Үздік қақпашы», Жалағаш ауданынан Н.Төлегеновке «Үздік қорғаушы», Шиелі ауданынан Б.Ермағанбетовке «Үздік ойыншы», Қызылорда қаласынан Д.Махамбетовке «Үздік шабуылшы»номинациясы табысталды.
Барлық жеңімпаз командалар арнайы кубоктар, дәрежелік дипломдар, алғыс хаттар және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Ақпарат көзі: syrboyi.kz