Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Париж Олимпиадасында боксшыларымыздан не күте аламыз?

Париж Олимпиадасында боксшыларымыздан не күте аламыз?

Жуырда Парижде өтетін Олимпиада ойындарында ел намысын қорғауға 7 боксшымыз аттанады.Токио олимпиадасындағы қателіктерді қайталамас үшін боксшыларымыз тынбай еңбек етуде. Парижде өтетін сында еліміздің атынан М. Сабырхан, С. Бибосынов, М.Базарбаев, А.Шымбергенов, А. Оралбай, Н.Оралбай, Қ.Қоңқабаев сынды боксшыларымыз өнер көрсетпек.Бұл жолы өткен олимпиадағы кеткен қателіктерді қайталамау маңызды.Әрине, бұл олимпиаданың фавориттері Өзбекстан ұлттық құрамасы.Б.Жалолов, Х.Дусматов сынды өзбек шеберлері біздің боксшыларға үлкен сынақ екені белгілі.Десекте, Мырзағали Айтжанов бастаған батырларымыз өзбек жауынгерлерінен артық болмаса, кем демес едім.Көптеген спорт шеберлері, жанкүйерлері елімізден Парижде өтетін сыннан 2 алтын жүлде күтіп отыр.Өз кезегінде құрама капитаны А.Шымбергенов, “қазақтың Майвезері” атанған М.Сабырхан мен С.Бибосыновтардан алтын жүлде күту орынды.Былтыр Ташкентте өткен Әлем чемпионатында 4 боксшымыз топ жарып, алтын жүлдеге ие болған болатын.Сол 4 әлем чемпионың үшеуі келе жатқан олимпиада ойындарына баратыны мәлім болды.Бұл дегеніміз ұлттық құрама ішінде үлкен бәсекелестік бар екенін дәлелдейді.Бұл Париждегі сында жауынгерлеріміз елімізді бүкіл әлемге мойындатады деген үміттеміз 2024 жылғы олимпиада ойындарына санаулы айлар қалды.Еліміздің былғары қолғап шеберлеріне үлкен сенім арттық.Ендігі кезекте сол боксшыларымыз жауапкершілікті сезініп, қарсыластарынан сескенбей, елімізге чемпион болып оралып, үмітті ақтаса екен.Бұл турнирдың фавориттерінің біріҚазақстан ұлттыұ құрамасына бірге жанкүйер болайық!
Ілияс Нағашыбаев,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 1 курс студенті
04 маусым 2024 ж. 1 337 0