Парижде өтетін Олимпиада тізімінен карате және тағы екі спорт түрі шығарылды

Дүниежүзілік каратэ федерациясының президенті Антонио Эспиноса бұл спорт түрі Олимпиада ойындарына тұрақты түрде оралуы керек екенін айтты.
"Біз әлемге каратэнің бірегей спорт екенін көрсеттік. Ол арнайы спорттық дайындық пен арнайы техниканы қажет етеді", - деді Эспиноса.
Айта кету керек, 2024 жылы 26 шілдеде Париж үшінші рет Олимпиада ойындарын салтанатты түрде өткізеді. Франция астанасында Олимпиада 1900 және 1924 жылдары өткен. Сонымен қатар, Франция қысқы ойындарды үш рет ұйымдастырды (Шамони-1924, Гренобль-1968 және Альбервиль-1992).
Еске салайық, каратэ алғаш рет 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарында ұсынылған болатын. Қазақстандық каратэшілер Дархан Асәділов пен Софья Берулцева қола медаль алды. Олардың жүлдесі Қазақстан каратэ спорт тарихындағы Олимпиададан алған алғашқы жүлде еді.