Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Олимпиада ойындары-2024 логотипі таныстырылды

Олимпиада ойындары-2024 логотипі таныстырылды

2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының жаңа логотипі таныстырылды, - деп хабарлайды   tengrinews.kz
Жаңа дизайн үш символды біріктіреді, спорт, Ойындары және Францияға қатысты - алтын медаль, Олимпиада және Паралимпиада алауы және Франция Республикасының символына айналған Марианнаның бет-әлпеті.
"Медаль, алау, Марианна. Париждегі Олимпиада мен Паралимпиаданың жаңа келбеті", - делінген Ойындарды ұйымдастыру комитетінің Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.  Олимпиада-2024 ойындары 26 шілде - 11 тамыз аралығында, Паралимпиада - 28 тамыз - 8 қыркүйек аралығында өтеді, - деп жазады РИА Новости. 
22 қазан 2019 ж. 1 061 0