Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Азиадада биатлоншылар қоржынға қола жүлде салды

Азиадада биатлоншылар қоржынға қола жүлде салды

Харбин-2025 ойындарында ел қоржынына тағы бір қола медаль түсті, деп жазады Egemen.kz.

Биатлоннан әйелдер арасындағы эстафетада (4×6 км) Қытай (алтын) және Оңтүстік Корея (күміс) спортшыларынан кейін Қазақстан құрамасы (Ольга Полторанина, Арина Крюкова, Дарья Климина, Елизавета Белецкая) мәреге үшінші жетіп, қола медальге қол жеткізді.

Айта кетсек, бұл – биатлоншылардың IX қысқы Азия ойындарындағы 3-медалі. Осыған дейін жекелей сында Владислав Киреев чемпион, ал Вадим Куралес күміс жүлдегер атанған.

Фото: egemen.kz
13 ақпан 2025 ж. 244 0