Қысқы Универсиада: Ел қоржынына екі медаль түсті

Универсиада ойындарының парашаңғы жарысынан 1400 метр қашықтықтың финалында отандасымыз Роман Құрбанов қола медальге қол жеткізді. Бұл жүлде спортшымыздың жарыстағы Қазақстан еншісіне қосқан екінші медалі болып отыр.
Тағы бір спортшымыз Денис Зинов универсиада ойындарының күміс медалін жеңіп алды. Спорт және туризм академиясының студенті парашаңғы жарысынан 1400 метр қашықтықта мәреге екінші болып келді.
Айта кетейік, әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында 2 алтын, 4 күміс, 2 қола медаль бар.
Қысқы Универсиада 23 қаңтарға дейін жалғасады.
Сурет: egemen.kz