Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Смайыл Дүйсебай Универсиада ойындарының күміс жүлдегері атанды

Смайыл Дүйсебай Универсиада ойындарының күміс жүлдегері атанды

 Таеквондодан Қазақстан командасының мүшесі Смайыл Дүйсебай Неапольда өтіп жатқан Универсиада ойындарының күміс медалін иеленді 

87  келіге дейінгі салмақта сынға түскен ол жартылай финалда мексикалық Андрес Суаресті 11:5 есебімен ұтты. 
Алайда, финалдық сында Оңтүстік Корея өкілі Инхо Парк Смайылды алтыннан қағып, 7:5 есебімен жеңіске жетті. 
Осылайша, Смайыл Дүйсебай Универсиаданың күмісін қанағат тұтты. 
Еске сала кетейік, қазақстандық спортшылардың еншісінде Универсиаданың жеті медалі бар.  Дзюдошы Ғалымжан Қырықбай чемпион атанса, гимнастар Нариман Курбанов пен Милад Карими, стенд атушы Зоя Кравченко, жеңіл атлет Михаил Литвин және таеквондошы Смайыл Дүйсебай күміс еншіледі. Қола жүлдені стенд атудан Сәрсенкүл Рысбекова иеленген.
https://baq.kz
13 шілде 2019 ж. 809 0