Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Универсиада-2019: қазақстандық екі гимнаст финалға өтті

Универсиада-2019: қазақстандық екі гимнаст финалға өтті

Италияның Неаполь қаласында басталған жазғы Универсиада ойындарында спорттық гимнастикадан іріктеу кезеңі аяқталды,

Іріктеу сынының қорытындысы бойынша, біздің гимнастар бес жаттығу түрінен финалға жолдама алды.  
Атап айтар болсақ, команда үздігі Милад Карими көпсайыс қорытындысы бойынша 8-орын алып, ақтық сынға өтті. Сондай-ақ, Милад еркін жаттығуда 4-ші, гимнастикалық кермеде 6-шы, гимнастикалық қоссырықта 7-орыннан көрініп, финалда өнер көрсету мүмкіндігін алды. 
Команда мүшесі Нариман Курбанов гимнастикалық ат снарядындағы іріктеу кезеңін үшінші орынмен аяқтады. Нариман да финалда сынға түсетін спортшылар қатарында. 
Спорттық гимнастикадан Универсиаданың финалдық кезеңі 6-7 шілдеде өтеді. 6 шілде күні көпсайыстан, 7 шілде күні жекелеген жаттығу түрлерінен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. 
5 шілде күні Аида Бауыржанова мен Екатерина Чуйкина жарысты бастайды.
05 шілде 2019 ж. 830 0