Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Универсиада - 2023: Қазақстан қоржыны күміс медальмен толықты

Универсиада - 2023: Қазақстан қоржыны күміс медальмен толықты

Шаңғымен трамплиннен секіруден Қазақстан құрамасы 2023 жылы Пласидеф-Лейкте өтіп жатқан Универсиадада командалық есепте күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы жарыстың ресми сайтындағы деректерде белгілі болды.
универсиада трамплин

Құрамында Данил Васильев пен Сергей Ткаченко бар Қазақстан құрамасы екі турда 470,3 ұпай жинаған.

Ал құрамында Святослав Назаренко мен Никита Девяткин бар Қазақстанның екінші командасы 381,7 ұпай жинап, сегіз қатысушының ішінде жетінші орынға тұрақтады.

Бұған дейін Васильев жекелей сында Универсиаданың алтынына қол жеткізген.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасының қоржыны үшінші алтынмен толықты. Оны Бекентай Тұрлыбеков әкелген.

Осылайша, ел құрамасының еншісінде үш алтын, бір күміс және екі қола бар. Универсиада 22 қаңтарға дейін жалғасады.
21 қаңтар 2023 ж. 935 0