Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Баскетболдан ел спартакиадасының жеңімпаздары анықталды

Баскетболдан ел спартакиадасының жеңімпаздары анықталды

 Щучинск қаласында баскетболдан әйелдер арасында Қазақстанның V Спартакиадасы аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер есімі белгілі болды

Финалда Маңғыстау облысының командасын 90:43 есебімен ұтқан Нұр-Сұлтан командасы жарыс жеңімпазы атанды. 
Үшінші орын үшін өткен тартысты кездесуде Ақмола облысы жеңіске жетті. Ақмолалық команда Павлодар облысының өкілдерін 89:83 есебімен ұтқан. 
Турнир Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті, ҚР Спорт және мәдениет министрлігі, сондай-ақ, ҚР Баскетбол федерациясының ұйымдастыруымен өткізілді.
16 мамыр 2019 ж. 589 0