Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемдік жағажай ойындарында Қазақстан алғаш рет жеңіске жетті

Әлемдік жағажай ойындарында Қазақстан алғаш рет жеңіске жетті

9 мамырдан бастап Испания елінде өтіп жатқан Әлемдік жағажай ойындарында  (World Beach Games) Қазақстан құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ұлттық құрама Новегия командасын 5:1 есебімен тізе бүктірген. Бұл жаңалықты Қазақстанның ұлттық олимпиада комитеті хабарлады. "Әлемдік жағажай ойындарында Қазақстан командасы бірінші жеңісіне қол жеткізді. Ойынның үшінші күні Қазақстан командасы жағажай футболдан Норвегия командасын жеңді. Ойын 5:1 есебімен аяқталды", деп жазылған комитеттің жеке сайтында. Алғашқы голды қарсылас команданың (Норвегия) қақпашысы өз қақпасына байқаусызда кіргізіп алған. Бұл голдың артынан қазақстандықтар сериялы 4 голды қақпаға дөп тигізген. Голдар: Кристофферсен, Тюльпа, Мұралинов (2), Демешко, Сальвесон.
https://massaget.kz
13 мамыр 2019 ж. 629 0