Төрехан Сабырхан ХХ жазғы Азия ойындарын жарқын жеңіспен бастады
kaz.inform.kz— Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында бокстан кезекті жарыс күні өтіп жатыр.
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Фото: Туризм және спорт министрлігіТуризм және спорт министрлігінің мәліметінше әлем чемпионы Төрехан Сабырхан (-70 кг) Азиададағы алғашқы жекпе-жегінде Қатар былғары қолғап шебері Мұхаммед Дбичимен жұдырықтасты.
Отандасымыз айқастың басынан тізгінді уысынан шығармай, сенімді жеңіске жетті. Есеп: 5-0.
Төреханның ширек финалдағы қарсыласы енді анықталады.
Айта кетелік Қазақстан құрамасы Жапонияның Аичи префектурасы және Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында сегізінші алтын жүлдені қоржынға салған еді.









