Отандық журналист Қанат Исламның жаңа салмаққа өтуін сынады

Оның айтуынша, Қанат Ислам орта салмақта үздік ондықтағы кейбір боксшыларды жеңе алады. "Бірақ чемпиондарды ұта алады дегенге сену қиын. Себебі, боксшымыз бір жарым жылдан көп уақыт шаршы алаңға шықпады. Жарақаты ауыр болды. Екіншіден боксшымыздың жасы биыл 35 толады. Ал жыл өткен сайын боксшылардың күші кері кететінін белгілі. Қазақстандық PR-менеджер боксты басқарып отырған промоутерлерді атады Тағы бір айта кететін жәйт, "Канело" - мексиканың алтын баласы. Golden boy оңайлықпен бұл жігіттің белбеуін ешкімге бермейді. Андраде - америкалық боксшы. Ақша табу үшін керек жігіт. Промоутерлер, ұйым да оның белбеуін ешкімге бермеуге тырысады. Сол үшін де Қанат ағамыз бірінші орта салмақта қалғаны дұрыс болар ма еді деп ойлаймын. Бұл салмақта да "қалпақпен ұрып алатын" жігіттер жоқ. Лара, Мунгуиа, Харт, Чарло, Брук секілді жігіттер бар. Дегенмен де осылармен таласып көруге болатын сияқты", - деп жазды PR-менеджер.
"Жалпы Қанат Ислам неге салмақ ауыстырды? Бір жарым жылдай спорттан шет қалған кез-келген адам салмақ қосары анық. Қанат Ислам да. Ал 35-ке толатын боксшы үшін салмақ қуу деген қиын нәрсе. Әрине, мен әрдайым қазақ боксшылардың тілеулесі боламын. Қанат Исламның да", - деп түйіндеді Уалихан Қосанбай. Айта кетейік, АҚШ-та кәсіпқой рингте өнер көрсетіп жүрген Мадияр Әшкеев, Мейірім Нұрсұлтанов, Бобыржан Момынов, Сағадат Рақманқұл, Абылайхан Құсайынов сынды боксшылардың PR-менеджері Уалихан Қосанбай қазіргі уақытта Лос-Анджелес қаласында тұрады. Ол Қазақстан туын биікке көтеріп жүрген спортшыларымыздың жеңісін сүйіншілеп, жеңілген жағдайда нақты себептеріне тоқталып, жалпы бокс әлеміне шолу жасаумен және әлеуметтік желілерде сараптамалық жазбалар жазумен танылған.