Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Отандық зілтемірші әлем чемпионы атанды

Отандық зілтемірші әлем чемпионы атанды

Алматы, BAQ.KZ. Сувада (Фиджи) жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан әлем чемпионаты жалғасуда. Қазақстан қоржынына Карина Құзғанбаева алтын медаль салды, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі. 

81 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Каринаға ешкім тең келмеді. "Алтынды" 224 кг (98+126) нәтижесімен жеңіп алды. Сонымен қатар, Карина "кіші" алтын медаль жұлқа көтеруден және тағы біреуін серпе көтеруден иеленді.
Күміс жүлде кореялық Хен Чжу Чжанға бұйырды. Спортшы 221 кг (97+124) нәтиже көрсетті. Үшінші орынға ресейлік Екатерина Визгина табан тіреді. Бойжеткен 206 кг (93+113) нәтижесімен "қола" жеңіп алды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін чемпионаттың күміс медалін Артем Антропов қанжығаға байлаған болатын.
https://baq.kz
06 маусым 2019 ж. 1 033 0