Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұр-Сұлтан әлемдік триатлон жұлдыздарын қабылдайды

Нұр-Сұлтан әлемдік триатлон жұлдыздарын қабылдайды

15-16 маусымда Нұр-Сұлтан өз тарихында екінші рет халықаралық турнир - "2019 Nur-Sultan ITU Triathlon World Cup" атты триатлоннан Әлем кубогін қабылдайды. 13 маусымда сағат 14.00 “IBIS Hotel” қонақүйінде (Тәуелсіздік д-лы, 38) 2019 Nur-Sultan ITU Triathlon World Cup атты триатлоннан Әлем кубогінің кезеңіне арналған ресми баспасөз конференциясы өтеді. Пресс-конференцияға әлемдік рейтингтегі үздік спортшылар қатысады. Атап айтар болсақ, Ай Уеда (Жапония, 26 орын), Тамсин Моана-Вейл (Аустралия, 45 орын),  Брэндон Коуплэнд (Аустралия, 35 орын), Дмитрий Полянский (Ресей, 42 орын) және Лукас Холлаус (Аустрия, 55 орын). Еске сала кетейік, 15-16 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында "2019 Nur-Sultan ITU Triathlon World Cup" додасы өткізіледі. Әлемнің 37 елінен келген мықты спортшылар астанамыздың қонағы болып, 65 ер және 65 әйел спортшы әлемдік рейтингтегі ұпайларды ойнатып, «стандартт» қашықтықтағы (1500 м – жүзу, 40 км – веложарыс, 10 км – жүгіру) мықтыны анықтайтын болады. 16 маусымда Қазақстанда триатлонды дамыту мен насихаттау мақсатында Age Group (әуесқойлар) арасында жарыс өтеді.
https://massaget.kz

07 маусым 2019 ж. 771 0