Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Біздің шайқас әлі біткен жоқ": Хабиб Конормен жекпе-жекке қайта шығатынын айтты

"Біздің шайқас әлі біткен жоқ": Хабиб Конормен жекпе-жекке қайта шығатынын айтты

UFC-дің жеңіл салмақ дәрежесі бойынша чемпионы Хабиб Нұрмағомедов Конор Макгрегормен қайта кездесетінін тұспалдап жеткізді.

Нұрмағамбетов UFC-ден не күтетінін, болашақ жоспарларын, оған қолдау көрсететін адамдар туралы айтып берді.
Спортшы сондай-ақ Конормен қайта кездесуі мүмкін екенін айтты.
"Біз 6 қазанда басталған жекпе-жекті аяқтаған жоқпыз, алда бізде көптеген шайқас бар. Біз тарихты қайта жазуды жоспарлап отырмыз. Биік тау үстінде отырып, белгілі бір биіктерге жете аламыз", - деді чемпион.
Еске сала кетейік, Хабиб Нурмагомедов пен Конор МакГрегор 2018 жылдың қазан айында рингте кездесті. Дағыстандық қарсыласын ойсырата жеңді.
13 маусым 2019 ж. 925 0