Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Para Powerlifting – 2019. Украиналық спортшы әлемдік рекорд жаңарта алмады

Para Powerlifting – 2019. Украиналық спортшы әлемдік рекорд жаңарта алмады

Әйелдер арасында 55 кг және 61 жоғары салмақ дәрежесі бойынша пара пауэрлифтингтен әлем чемпиондары анықталды.

Елордадағы Конгресс-орталықта пара пауэрлифтингтен әлемдік дода жалғасып жатыр. Бүгінгі кесте бойынша әйелдер арасында 55 және 61 кг жоғары, ерлер арасында 65 кг жоғары салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпиондарын анықтау керек болатын. 
55 кг жоғары салмақ дәрежесі бойынша украиналық Мариана Шевчук 128 кг көрсеткішімен әлем чемпионы атанды.
Ол 131,5 кг көрсеткішпен әлемдік рекордты жаңартпақ болды. Өкінішке қарай жаңарта алмады. 
Ал 61 кг жоғары салмақ дәрежесі бойынша Нигерия елінен келген атлет Lucy Ejike 132 кг көрсеткішпен әлем чемпионы болды. Осылайша ол 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Паралимпиадаға жолдама алды.
Нұр-Сұлтан өтіп жатқан әлем чемпионатының талисманы – батыл қасқыр – Арлан.
Естеріңізге сала кетейік, 12 шілдеде Нұр-Сұлтанда Пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатының ашылу рәсімі өтті. 
Қазақстан Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев осы әлем чемпионатын өткізуге жалпы сомасы 800 млн теңге жұмсалғанын айтқан болатын.
Айта кетейік, Қазақстанда алғаш рет 12-20 шілде аралығында өтетін пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын Раушан Қойшыбаева Елдос Сметов пен Илья Ильиннің жанкүйері екенін айтқан болатын.
Әлемдік додада ел намысын қорғайтын спортшыларымыз бен олардың дайындығы туралы ҚР пара пауэрлифтингтен ұлттық құрамысының бас бапкері Артур Томицский айтып берген.
https://baq.kz
15 шілде 2019 ж. 1 060 0