Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Менің де есімде": Деревянченко Головкинмен жекпе-жегінің алдында қазақстандықтарға мәлімдеме жасады

"Менің де есімде": Деревянченко Головкинмен жекпе-жегінің алдында қазақстандықтарға мәлімдеме жасады

Украиналық боксшы Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) Геннадий Головкинмен (39-1-1, 35 КО) IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының белбеуі үшін болатын жекпе-жектің алдында қазақстандық жанкүйерлерге мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сергей Деревянченко Instagram желісінде қазақстандықтарға алғыс білдірді.
«Менің «Арланс» үшін жекпе-жегімді білетін және маған әлеуметтік желілерде жақсы сөздер жазып жатқан қазақстандықтарға алғыс білдіргім келеді. Сол кездер жақсы уақыт ретінде менің де есімде. Рахмет», - деп жазды украиналық боксшы. 
Деревянченко 2012-2014 жылдары Дүниежүзілік бокс сериясында (WSB) қазақстандық «Астана Арланс» клубының атынан додаға түсіп, артынша кәсіби карьерасын бастаған еді. 
Айта кетсек, Деревянченко мен Головкиннің жекпе-жегі 5 қазанда АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді.

https://stan.kz/menin-de-esimde-derevyanchenko-golovkinmen-zhekpe-zheginin-aldinda-kazakstandiktarga-malimdeme-zhasadi-321246/ 

28 тамыз 2019 ж. 577 0