Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкиннің рингке қашан шығатыны анықталды

Головкиннің рингке қашан шығатыны анықталды

DAZN стриминг сервисі қазақстандық Геннадий Головкиннің (39-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегінің уақытын тағайындады,  ESPN ақпараты бойынша, DAZN басшылығы өз кестесінде 5 қазанды бекітіп қойған. Бұл Головкин үшін платформамен келісімшарт аясындағы алты жекпе-жектің екіншісі болады.  Бұған дейін жекпе-жектің 5 қазанда өтетінін BoxingScene тілшісі Кит Айдек пен The Athletic инсайдері Майк Коппинджер мәлімдеген болатын.  Айта кетейік, 5 тамызда Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақта чемпион атағы үшін Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) жекпе-жегін тағайындаған болатын. Қазір екі тарап келіссөз жүргізіп жатыр. Кездесу 5 тамызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтуі ықтимал.

06 тамыз 2019 ж. 754 0