Қазақстандықтар қыркүйек айының үздік спортшысын таңдады

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қыркүйек айының үздігі атануға 6 спортшы үміткер болды. Олар: Бекзад Нұрдәулетов (бокс), Қамшыбек Қоңқабаев (бокс), Нұрқожа Қайпанов (еркін күрес), Дәулет Ниязбеков (еркін күрес), Игорь Сон (ауыр атлетика) және Хорлан Жақанша (грек-рим күресі).
Оlympic.kz сайтында 1 қыркүйек күні басталған дауыс беру 9 қазанда аяқталды. Нәтижесінде, 43,07 пайызбен Бекзат Нұрдәулетов топ жарды. 23,34 пайызбен Хорлан Жақанша екінші орынға жайғасса, 22,08 дауыс жинаған Нұрқожа Қайпанов үшінші орынға ие болды.
https://www.inform.kz/kz/kazakstandyktar-kyrkuyek-ayynyn-uzdik-sportshysyn-tandady_a3573819