Маусым айының үздк спортшысы анықталды
Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтында «Маусым айының үздік спортшысына» дауыс беру аяқталды. Отандық жанкүйерлер каратеші Дархан Асаділовті маусым үздігі деп таныды.
Асаділовпен бірге тағы бес спортшы айдың үздігі атануға үмітті еді. Олар: садақ атудан Қазақстан ерлер командасы, Дмитрий Баландин, Милад Карими, Адиля Тілекенова және Руслан Курбанов. Бір аптаға созылған дауыс беру рәсімі 7 шілде күні 13:00-де аяқталды. Дауыс беру қорытындысы бойынша 40.42 пайыз жинаған Дархан Асаділов жеңімпаз атанды.
Екінші орында 18.70 пайыз дауыс жинаған садақшылар командасы.
Үздік үштікті 15.30 пайыз дауыспен Дмитрий Баландин қорытындылады.
Айта кетелік, Дархан Асаділов олимпиадалық рейтингте бірінші орынға көтерілді.