КӨКТЕҢІЗДІҢ КӨКЖАЛЫ ЕДІ
Қыста күн қысқа, түн ұзақ. Балықшы ауыл күнделікті қам-қарекетке сондықтан да тым ерте, таң сібірлей бастағаннан қарбаласып кіріседі. Жылы төсектерінен өре түрегелетін құсұйқылы балықшылар тұс-тұстан ат-шанала-рымен шұбырып, асығыс аттанып бара жатады. Содан күні бойы міз бақпай бедірейіп жататын мұз үстінде буы бұрқырап жүргендері. Ау суыратын ойықтың мұзын сүйменмен ойып, тазалайды. Содан кейін мұздай суға қолын малып, ау торына іліккен балықтарды біріндеп жазып алады. Оңай емес, бел сыздайды, қос қары талады. Балықшы осындай ауыр жұмысқа көндіккен. Үйіне қас қарайып кеткенде түн жамылып әрең жетеді.
Өздерінің лексиконымен айтқанда «өлейін деп келгесін» табалдырық-тан сүрініп, қабынып аттауына төрдегі төсек көрпеге жығыла кетеді. Ал-дында дайын дастарқан, буы бұрқыраған самаурын. Шайға қанып, қуыс кеу-десіне ел қондырып алғасын сол отырған орнында мызғып алады. Молданың алдын көріп қалғандар күні бойғы қаза намазын оқып, тынығады. Теңіздің алыс қиырының оңаша қойынауына қоныстанған бұйығы ауылға радио, «Ильич шамы» жете қоймаған уақыт. Түнгі тылсым. Таң атып болмайды. Толайым бір күнін ауылдан қашық елсізде өткізетін балықшылар ауқаттанып демалғасын елегзи бастайды. Енді күндегі дағды, жақын көршілер бірінің үйіне бірі бас сұғып түнгі ұйқы қыстағанша әңгіме көрігін қыздырады қау-қылдасып.
Балықшыларауылындасондайбірқысқыкештерболыптұратын. СондайкештердебіздіңүйгекөршілерденкөбінеалпыстыалқымдағанТөкеақсақал, жасықырықтыңжуанортасындағыОмарқали, соғыстақирапқалғанСталинградтықалпынакелтірумайданындаболыпқайтқанЖолмырзаменЖолтайкеледі. Омекеңағамыздыңалтынсандықкеудесітағылымдыәңгіменіңтаусылмайтынкені. Ол жүрген жерге адам үйірілгіш. Көршілер оның аңқылдап сөйлеп, айналасын күлкіге көміп қызықтыра айтатын әңгімесін тыңдауға жиналатын.
– Ал-л, не жаңалық? - Иманды болғыр Төке ақсақал күптей көпшікті қолтығына жұмарлап, жантая бере осылай дейтін.
Сол заманда, біздің колхозда «М. Горкий» деген балықшылар кемесі болды. Капитаны-Арал ауданының атақты балықшысы Жайкөрген Дәрменов. Омекең оның қайратты көмекшісі. Екеуі құрдас. Жолмырза кеме моторисі. Әл-әзір үйленбеген қынулы жігіт.
Әдеттегідей бір қысқы кеш. Омекеңнің құрдасы туралы сондағы айтқан әңгімесін аузым аңқиып отырып тыңдадым. Жадымда өшпестей болып қа-лыпты.
– Осы ауылда іргелес қора-қопсымыз өртенетін жылы он балықшыны Сырдарияның өріне жеткізетін болдық, - деп бастады Омекең әңгімесін. - Он қайықты тіркеп алып тартып кеттік. Атырауға жеткенімізде дарияның екпіні тым қатты екен, теңізге сарқылдап қайнаған қазандай сарқырап ағып жатыр. Сапырылысқан сары лайдан байқамадық-ау деймін, дарияның теңізге құярлығында иірім бар екен. Кеме сол иірімнен күш алып кете алмай, селкілдеп тұрды да қалды. Құдай оңдағанда жел артымыздан еді. Үрелде тұрған Жайкөрген: «Желқомды көтер!» деп айқайлады. Мен кеме діңгегіне жабыстыра буып тастаған желқомды жазып жібергенімде, әл бермей сабалап берсін. Жайкөрген: «Мында кел!» деп айқайлады. Ұшып бардым. Ол үрелді маған ұстатты да, өзі қарыштап басып барып, сабалаған желқомды бұйым көрмей әп-сәтте құшақтап құра қойды. Не деген қарым, не деген күш десеңші?! Кеменің қуаты он бес аттың күшіндей-ақ еді. Дарияның қарсы ағысына иірім қосылғасын, ілгері жылжуға күші келмей тұралап қалған. Содан әупіріммен жылжып кеттік-ау.
Ал, өзі әшиінде бойындағы қайратын қатардағы көптің біріндей жай жүріп, ақырын басып білдірмейді. Оны пішен орғанда көрсең. Бір атаудың туырылған көк майса пішенін бір өзі жайпап тастайтын. Сонда ол заңғарың «уһ» деп бір қыңқ етпейді ғой. Бірде мына отырған Жолмырза екеуміз оның тағы бір кереметіне куә болдық. Кемеде үшеумізден басқа жан жоқ. Ұлы те-ңізге шарықтап шығып кеткенбіз. Кеме шөгерулі. Ауды кешке құрып, таңер-тең ерте тұрып балығымен жинап алатынбыз. Кешкілік Темірқазық тұстан жел көтеріліп, арты ақ көбік дауылға ұласты. Мұндайда ашық беткейде қалу-ға болмайды. Маңдайдан соққан толқыннан кеменің басы қақшаңдап кетті. Енді көшкіні (якорь) суырып алу күшке түсті. Лебетканы (лебёдка) айналды-райын десем, тістері қамасып қозғалмайды. Көшкінің зілбатпан шылбыры үзіліп кетердей шықырлап азан-қазан болды. Толқындар кеме тұмсығынан асып-төгіліп, палубаның үстімен сарылдап ағып жатыр.
Үрелебойдың (рулевой) әйнегінен тастабандап көріп тұрмын. Капитаным қайютадан жалпақ белбеуін алып шығып, белін буынды. Қолына қалың қолғап киді. Тарп-тарп басып, кеменің ұшар басына дейін барып отырды. Бұл не істемекші дегенімше, ол аяғын кеменің тұмсығына тіреп, көшкінің шылбырын шірене тартты. О, Алла-а... тартып жатыр, тартып жатыр тастабандап. Көшкі көтерілді-ау деймін. Шылбырды ілгешекке бекітті. Кеме де тулаған толқынмен мөңкіп ілгері ырғыды. Рульді тастабандап ұстап тұрдым. Жазатайым қолымнан босап кетсе, қош бол, Көкарал, аударыламыз. Ал, капитаным орнынан тұра алмай отырып қалды.
– Содан не болды, неғылды? – деді бірқырын көлбеп жатқан Төке ақсақал қолтығындағы күмпиген көпшікті бауырына ала, Омекеңе төне тік-теліп. – Беліне зақым келді-ау, а?!
– Ілкіде мен де шошып кетіп едім, жазым болмаса нетті деп. Жоқ, орнынан әрең көтерілді; кемемен бірге аудаңдап үрелебойға екі иінінен ен-тігіп келді. Екі беті нарттай қып-қызыл болып кеткен. Сабазым, анасынан Аплатондай батыр болып туған ерім ғой.
– Содан не болды? Дауылдан қалай аман қалдыңдар? – деді тағы да Төке ақсақал отырған орнында ырғалақтап.
– Айтатыны жоқ, сол жолы бізге әуелі бір Алла, қалды ата-бабала-рымыздың аруағы жар болды. Аласапыран толқында қу қайықтай қаңғалақтаған жаман кемеміз Сарша мен Кәріжолдың қолтығына амалдап жеткізді. Сөйтіп бір қатерден аман қалып, есімізді ертеңіне дауыл басылғасын жидық...
– «Максим Горькийді» бір ай бұрын Арал кеме жөндеу зауыты капитальный ремонттап берген, - деді Жолмырза. - Моторы сыр берген жоқ.
– Ой, қарағым-ай, қатер қайдан дерің бар ма? - деді әкем. - Ол сенің ремонтыңа қарай ма... Асылы, Алла сақтаған ғой...
– Рас, рас, Құдай сақтаған, - деді Төке ақсақал да басын шұлғып.
– Омеке! Енді Жәкеңнің дауылдан құмға қайырлап қалған жылым қайықты теңізге қалай түсіргенін айтшы, – деді Жолтай. - Әркім әрқалай ай-тады. Қалай болып еді өзі?
– Е, ондай оқиға болған. Екеуміз теңізге шыққалы Жолмырзаны күтіп тұрғанбыз. Бір бүйірден жылым бригадирі Жиенәлі жетіп келді: «Жәке, қайығымызды сегізіміз жабылып суға түсіре алмай жатырмыз. Итерісіп жіберсеңіз қайтеді...» деп. Капитанымның осындайда сөзін әуелі мырс етіп бір күліп алып бастайтын әдетімен: «Тауарыш, неғыламыз» деді мені түртіп (оның бір түрткені біздің жұдырықпен ұрғанымыздай ғой. Қолы қатты, ба-тып кетеді). Солай деді де, алдымызға түсіп, алп-алп басып бара жатты. Ілкіде аңырып қалған біз соңынан ердік. Содан не деріңіз бар, жылымшылар қайықты суға түсіре алмағасын түрендегі жылымды жағаға шығарғалы жа-тыр екен. Біздің капитан: «Керегі жоқ сыртқа шығарып» деді де, күпәйкесін (фуфайка) түймеледі. Белін буынды. Сосын қайықтың артын жауырынымен тіреп біраз ырғап, ырғап тұрып алды. Бір сәтте а-а-а-ап деп ақырып, қайықты бар пәрменімен біриықтап қағып жібергенде, ойпырмай, бұл не деген бұла күш, қайық ілгері жылжып барып күмп етіп түсті суға.
Жылымшылар алақайлап жатқанда, ол бір мырс етіп: «Арқамның қы-шуын бір қандырып алдым-ау» деді ентігіп тұрып. Жүзін тер жуып, өрттей қызарып кеткен. Ал апардай жылым қайықты екі ескекпен есіп жылжыта ал-маймыз. Жылжыту үшін төрт ескекте мына Жолтай сияқты төрт қарулы жігіт отыруы керек. Үстінде бес жүз құлаштай жылым. Оның етек арқанына әр үш-төрт құлаш сайын ортасы тесік дөңгелек тас байланған. Онсыз жылым теңіз ұлтанына шөкпейді. Тас байламаса, балық жылымның етек арқаны астынан шығып кетеді ғой. Енді қайық пен жылымның салмағын есептеп шығара беріңдер. Мен болдым! - деп ағынан жарыла күлді Омекең. - Еңіреп туған ерім еді ғой ол.
– Ертедегі бабалары батыр болған деуші еді үлкендеріміз, - деді Төке ақсақал. - Рас болды-ау?
– «Тартпай тұрмас негізге» деген ғой, - деді әкем.
Біздің үйде болған сондағы сол кешкі отырыста мен мектеп табал-дырығын енді аттағалы жүрген ұяң бала едім. Содан былай қарай Жәкеңді көрсем, оған таңырқап қарайтын болдым. Көзіме суреттерден көрген бая-ғының дулығалы батырлары елестейді. Кейін есейгенде білдім, Жәкеңмен жас айырмамыз 27 жыл екен. Қазан төңкерісі болғанда Жәкең 4 жасар бөбек. Билікті ақ патшадан тартып алғандар басқа отандастарындай оны да жеті жасынан бастап қашан зейнетке шыққанша әурелеген. Бастауышты бітірген. Одан арыға жоқ. Екі рет аштан қату мен репрессиядан қырылу. Билік оны 1930 ж. 17 жасында Ленин колхозының мүшелігіне қабылдап, жоғарыдан бұйырып белгілейтін жоспар мен міндеттемесін бұлжытпай орындайтын балықшылар қатарына қосқан. Содан 1973 ж. зейнетке шыққанда, ол 60 жаста еді. Қырық жыл теңіз кешіп, мұз ойып балық аулаған. Бүкіл ғұмырына татитын ғазабат бейнетті көрудей-ақ көрген. Екі жылдай сұрапыл соғыста болған. Елге «екінші топтағы мүгедек» (негодный к военной службе) болып оралған. 1946 жылдан коммунист.
Біздің ата жұртымыз-ежелден Көкарал. Теңіз апатқа ұшырап колхоз таратылғанға дейін біз ауылдас болдық. Балық аулау кәсібі тоқтағасын, бүкіл бір колхоз ауыл жан-жаққа бытырап көшіп кетті. Жәкең де зейнетке шыққа-сын Алматыдағы баласының қолына барды. Мәңгілік мекені тағдыр айдап Жетісу жерінен бұйырды. Жан дегендегі жалғыз ұлы Кәдіржан әкесінен қалған жәдігерлерді мұқият сақтаған екен. Бәрін көрсетті. Жәкең 1961-1966 жылдары «Отличник социалистического соревнования рыбной промышлен-ности СССР» деген төс Белгімен, көптеген үкіметтік медалдарын айтпағанда, «Құрмет Белгісі» орденімен, Қазақ ССР Жоғары Советтің және облыстық Советтің «Грамотасымен», Қазақстан кәсіподақтары Советі мен Қазақ ССР Балық шаруашылығы министрлігінің «Құрмет Грамотасымен» марапатта-лыпты, 1965 ж. № 2 Көкарал сайлау округінен Арал аудандық Советінің депутаты және аудандық ХХХІІІ партия конференциясының делегаты болып сайланыпты. Екі адамның бірі болып.
Біз орыс халқының ұлттық батыры Иван Поддубныйдың тұрпаты қан-дай болғанын суретінен білеміз ғой. Жәкеңнің де тұлғасы мына суретінен байқалып тұрғанындай, сол Иван батырдың құйып қойған өзіндей еді. Тағы бір таң қалғаным: Жәкеңнің көп жыл бір ауылда кәсіптес болған көзкөрген замандастары: «Ол әрбір жылдық жоспарын бізден екі есе артық орындай-тын» деп отырушы еді. Айтқандары рас екен. Алдымда «Арал балық комбинатының» директоры Мұсағалиевтің қолы қойылған «Құрмет Грамотасы». Сонда: «Награждается рыбак рыбозавода Авань Дарменов Жайкорген за успехи достигнутые в предмайском социалистическом соревновании 1-го кв. 1966 г. выполнившего план добычи на 262 процентов» деп жазылған екен.
Ал, он жеті жасынан аттан түспей балық аулап, елімізге ерен еңбегі сің-ген Жайкөрген Дәрменов қырық жылдық жоспарларын неше пайызға орын-дады екен?!
Жәкеңнің дүниеден озған хабарын есіткенде, Омекең: «Қайран Аплатоным-ай, сенің де бір адамның орнына кеткенің бе? Жоспар, міндеттеме дегенде, сен екі-үш адамның орнына жүретін теңіз көкжалы емес пе едің…» деп назаланғанын көзкөргендер күні кешеге дейін жыр ғып айтып жүрді. Енді көзі тірісінде өмірден теңіз көкжалы атанып өткен ондай балықшы батыр туралы біз айтпасақ, бүгінгі қоғамның жас өскендері қайдан біледі.
Біздің Көкаралдағы ауылымыз орнында тұрғанда бір көшемізді Жә-кеңнің есімімен атаған болар едік. Амал не, ол дәурен келмеске кеткен. Ауылымыздың орнын бұл күнде құм басқан, ізі жоқ. Сондықтан ата жұрты иесіз қалғандықтан, аудан орталығындағы бір көшенің атын соғыс және еңбек ардагері, батыр балықшы Жайкөрген Дәрменовтың есімімен жаңғырту орынды болар еді.
Айжарық СӘДІБЕКҰЛЫ.