Ең көп еңбекақыны кімдер алады?

Статистикалық мәлімет бойынша салалық құрылымда ең үлкен жалақыны қаржы және сақтандыру қызметінің мамандары алатын болып шықты. Олардың жалақысы – 484,6 мың теңге. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласы қызметкерлері – 418,0 мың теңге, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметкерлер – 334,1 мың теңге және құрылыс саласындағы мамандарға 257,7 мың теңге еңбекақы белгіленген. Ең төменгі атаулы жалақы білім қызметкерлерінде – 122,1 мың теңге. Комитет қызметкерлердің орташа айлық жалақысын қосымша ақыларды, үстемақыларды, сыйақыларды, сондай-ақ салықтар мен басқа да ұстап қалынған сомаларды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) есепке ала отырып, халықаралық стандарттарға сәйкес есептеген.