Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр өңірінде 2020 жылы көгілдір отын мәселесі толықтай шешілмек

Сыр өңірінде 2020 жылы көгілдір отын мәселесі толықтай шешілмек

Бұл туралы елордада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов мәлімдеді деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.
Соңғы жылдары Қызылорда қаласы және облыстағы 7 аудан орталығының 4-уі газдандырылған. Ал, 2017 жылы Байқоңыр қаласына газ берілді.
«2018 жылы қалған 3 аудан орталығына – Жосалы, Тереңөзек және Жалағашқа жеткізіп, биылғы жылы кентішілік газ желісінің құрылысын бастадық. Осылайша, 2020 жылы осы кенттердің тұрғындары көгілдір отынды тұтыну мүмкіндігіне ие болады», – деді аймақ басшысы Қ. Ысқақов.
22 қараша 2019 ж. 703 0